Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша, 2015 жылғы мамырда инфляция 0,3% (2014 жылғы мамырда – 0,6%) болды, деп хабарлайды BNews.kz.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 0,8%-ға (0,6%-ға) көтерілді. Азық-түлік тауарларының және ақылы қызмет көрсету бағасы өзгерген жоқ (тиісінше 0,8%-ға және 0,3%-ға өсті).
Азық-түлік тауарларының ішінде 2015 жылғы мамырда көп дәрежеде алкогольсіз сусындар 1,1%-ға, қант – 0,5%-ға, жемістер мен көкөністер 0,4%-ға, оның ішінде сәбіз – 12,9%-ға, қызылша – 11,7%-ға, нан – 0,3%-ға, ұн – 0,2%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,2%-ға, макарон өнімдері – 0,1%-ға қымбаттады. Жұмыртқаның бағасы 6,4%-ға, жарма – 0,7%-ға, май және тоң майлар – 0,7%-ға, ет және ет өнімдері – 0,3%-ға, сүт өнімдері – 0,2%-ға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында дәрі-дәрмектің бағасы 1,1%-ға, киім және аяқ-киім, тұрмыстық үй заттары –0,3%-ға өсті. Бензиннің құны 6,9%-ға өсті, дизель отыны 0,7%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саладағы қызметке ақы төлеу тұтастай алғанда өзгерген жоқ. Бұл ретте тұрын үйді жалға алғаны үшін тарифтер 0,6%-ға, тұрғын үйді ұстағаны үшін – 0,2%-ға өсті, электр энергиясы және сұйытылған газ 0,2%-ға төмендеді. Бұдан басқа, қызмет көрсету құрылымында амбулаторлық қызметтің бағасы 0,3%-ға, білім беру қызметі – 0,2%-ға, мейрамханалар мен қонақүйлер – 0,1%-ға өсті. Көлік қызметінің құны 0,9%-ға арзандады.
2015 жылғы қаңтар-мамырда инфляция 1,5% (2014 жылғы қаңтар-мамырда – 4,5%) болды. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдың басынан бастап 1,9%-ға (5,1%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,4%-ға (4,4%-ға), ақылы қызмет көрсету – 2,0%-ға (3,9%-ға) қымбаттады.
2015 жылғы мамырда инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 4,3% (2014 жылғы желтоқсанда – 7,4%) болды. Азық-түлік тауарлары соңғы 12 айда 4,7%-ға (8,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,6%-ға (7,8%-ға), ақылы қызмет көрсету 4,5%-ға (6,4%-ға) қымбаттады
BNews.kz