Банктер заңды белшесінен басып отыр
2014 ж. 28 маусым
1812
0
Банктер заңды белшесінен басып отыр. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова банктен несие шоты деп, ақша ұстап қалу заңсыз екенін алға тартты.
Депутаттың айтуынша, қаржы орталықтары көрсеткен қызметі үшін және арнайы белгіленген тарифтер үшін ақша ұстап қалады. Бірақ сөйте тұра, қосымша несие шоты деп тағы пайыздық ақы алады.
Еліміздегі осындай банктердің біріне жоғары соттың аранайы шешімі де шыққан. Бірақ бұл талап әлі күнге дейін орындалмай келеді. Осы мәселені анықтап, тоқтату жайлы Қарағұсова ұлттық банктің төрағасы Келімбетовтың атына депутаттық сауал жолдады.
"Бұл Қазақстан Республикасының төлем жайлы 6 баптың 1 және 2 тармағын, ақша аударымдарындағы 36 баптың 1 тармағын өрескел бұзу болып табылады. Екінші деңгейдегі кейбір банктер бұл заңсыздықтарды келісім шарттың ішіне кіргізіп жіберуде", - деді мәжіліс депутаты.