Тасмағамбетов: Қазақстанның Даму Банкі бәрін тежеп отыр
2014 ж. 27 мамыр
2366
0
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Даму банкінің қызметін сынға алды.
"Қазақстанның Даму банкi қаржылық институттың сәттi үлгiсi болып табылмайтындығын атап өткiм келедi. Бiрақ банк берген ақшаны қайтару керек. Сiз бақытты жансыз. ҚДБ-нiң несиесiн алу деген -қиынның қиыны", - дедi Құлыбаев астаналық кәсiпкерлердiң конференциясында автошиналарды өңдеу зауытының өкiлiне қаратып айтқан сөзiнде.
Бiрнеше ай бұрын банк бұл зауытты банкрот деп тапқан болатын. Оның айтуынша, ҚДБ-нiң ақшасы мемлекеттiң ақшасы екендiгiн тағы бiр атап өттi. Егер кәсiпорын дайын болса, бiрақ айналымға қаражат жетпей тұрса және оны банкроттыққа жiберiп жатса, ол түйткiлдi талдап, шешу керек.
Өз кезегiнде жиынға қатысқан Астана әкiмi Иманғали Тасмағамбетов ҚДБ-нiң бизнес-жобаларды қолдау мәселесiне қатысты жұмысына сын айтты. Әкiмнiң айтуынша, ҚДБ жобаларды қолдау бойынша қатаң ұстаным ұстанады.
"Жобаның маңыздылығына, бизнес-жоспардың қажеттiлiгiне қарамастан, олар қасқайып тұрып алады және олармен уағдаласу мүмкiн болмайды. Жалпы алғанда, ҚДБ үлкен тежеу", - дедi Тасмағамбетов.
Айта кетейiк, 2012 жылдың соңында Астанада тозығы жеткен автошиналарды өңдейтiн "Kazakhstan Rubber Recycling" ЖШС құрылған болатын. Дегенмен, бiр қызығы, шиналар көп болғанымен, оны зауытқа ешкiм тапсыра қойған жоқ. Қортындысында банк зауытты банкрот деп тапты.
Қазақпарат