Қазақ-түрік тауар айналымы 3 млрд доллардан асты
2014 ж. 28 сәуір
1679
0
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 3 млрд 495,6 млн долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экспорт 2 млрд 595,1 млн доллар, ал импорт 900,6 млн доллар болды. "Қазақстан маусым айында Түркияға өзаратиімді ынтымақтастық үшін жаңа шарттар ұсынуға дайын. Неғұрлым тартымды салалар тамақ және жеңіл өнеркәсібі болып отыр, әсіресе Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында", - деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев түркиялық әріптесі Нихат Зейбекджимен кездесуі кезінде.
"Экономикамыздың мүмкіндіктері мен қуаты бізге ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көшуге септігін тигізеді. Осы бағыттағы барлық кедергіні бізге 2014 жылдың соңына қарай жою қажет", - деді Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи.
24 сәуір күні Зейбекджи ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен де кездесті. ҚР Үкіметінің ресми сайтының хабарлауынша, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығының біраз мәселесі талқыланған. Мәсімов өзара тауар айналымын арттыру үшін екі ел арасындағы барлық әлеуетті түгел пайдалану қажеттігін атап өтті.
tengrinews.kz