Қазақстан әлемдегі ең кедей елдердің қатарында

960697_1358086583_300_0_0Қазақстан әлемдегі ең кедей елдердің қатарында. Өзге мемлекеттердің тұтынушы жәшігімен біздікін салыстырып көрген Өскеменнің қоғамдық кеңес өкілдері осындай тоқтамға келген.
Белгіленген меже бойынша, қазақстандықтар азық-түлікке ай сайын 11 196 теңге жұмсау қажет. Тіпті мемлекет, ең қажет деп тапқан азықтың түрлерін де ұсынған. Мәселен, елімізде бір адамға күніне жұмыртқаның үштен бір бөлігі, 100 грамм ет, жарты пакет шай ұнтағы тұтынылу қажет. Жиналғандардың айтуынша, дамыған елдердің қатарына қосылу үшін Қазақстан тұтынуы жәшігінің құнын өсіру керек. Мысалы Германияда азық-түлікке ай сайын жұмсалатын қаржы 500 доллар, Жапонияда 317, Италияда 260 болса, елімізде 72 доллар екен.

31 арна