Қазақстандық IT-жаһандану: Kingston ақырындап нарыққа кіре бастады

_MG_4642

Kingston компаниясының Вице-президенті Кевин Ву Қазақстанға мемлекетіміздің IT-әлеуетімен танысуға келді. Қазақстанның климаты мен табиғаты қадірлі қонақты таң қалдырып, ол Kingston Technology компаниясының штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты мен Қазақстанның табиғаты өте ұқсас келетіндігі туралы пікірімен бөлісті.

Іс-сапар барысында Кевин Ву сауда орындарында болып, дистрибьюторлармен кездесіп, мемлекетіміздің IT-нарығының жоғары әлеуетін бағалай отырып, келесі ойымен бөлісті: «Біз әлемдегі №1 кәсіпорынбыз, біздің өнімдердеріміз әлемдегі барлық мемлекеттерде дерлік ұсынылған. Бірақ біз ұзақ уақыт бойы Қазақстанды стратегиялық мүмкіндік ретінде қарастырмаған болатынбыз. Соңғы екі жылдың сараптамасы Қазақстандық нарықтың европалық мемлекеттерге қарағанда, жаңаруға дайын екендігін көрсетті».

Kingston Қазақстан нарығында 2006 жылдан бері болғанына қарамастан, екі жыл бұрын ғана белсенді жұмыс істей бастады. Аталған кезең ішінде компания айналымы екі есе өсті. Сонымен қатар, Қазақстандағы IT-нарықтың саны ғана емес, сапасы да өзгергені анық. Kingston компаниясының Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттері бойынша өкілі Андрей Ларченковтың айтуы бойынша: «Бүгінгі таңда Қазақстан нарығындағы компания үлесі барлық бағыттар бойынша 10% құрайды. Біз дистрибуциямен жақсы қарым-қатынас жасай бастадық. Мемлекет нарығына мықты Ресейлік IT-ритейлерлердің келгеніне қарамастан, біз отандық нарық ойыншыларының дамуына көп көңіл бөлеміз. Нарықта сапалы және сенімді өнімге деген сұраныс өсе бастады. Бұл  - өнімнің сапасы бүкіл әлемде құнды бағаланатын Kingston үшін жаңа бір есіктің ашылуы».

Қазіргі таңда ҚР-дағы Kingston Technology компаниясының айналымы 600 млн. теңгеден жоғары. Келесі жылы бұл санды екі есе көбейту жоспарланып отыр. Оның 60-65 % жедел жадты, ал 35-40% флэш жадты құрайды. Қазақстанда бұлтты технологиялардың дамуына байланысты, мәлімет сақтау өнімдері мен қызметтерінің сапалы және сенімді болуына үлкен талап қойылатын болады.

ТМД елдерінің ішінде Kingston Ресей мен Украинада кең тараған. Әсіресе Украинадағы Kingston Technology компаниясының серверлік жад саласындағы үлесі 99%, ойын жады мен SSD-жинауыш саласындағы үлесі 55%-ды құрайды. Украина мен ТМД елдеріндегі Kingston өкілі Дмитрий Романенко: «Қазақстан нарығы қазіргі таңда басқа ТМД елдеріне қарағанда тез дамып келе жатыр, оның мүмкіндіктері әлдеқайда көбірек. Мысалы, Украинада 10  мың доллар ЖІӨ-нен бір жан басына IT-шығын 64 долларды құраса, Қазақстанда 15 мың доллар ЖІӨ-нен бір жан басына  IT-шығын 62 доллардан аспайды».

Әлемде Kingston Technology – жедел жад өндірушілері ішіндегі көшбасшысы (46,2%, оның 40%-ға дейінгі көрсеткіші Apple, Dell, Sony, HP және т.б. сияқты әлемдік өндірушілері үшін). Kingston өнімдерінің күніне әлемнің 125 мемлекетіндегі 30 мың сауда орнында  миллиондаған бірлігі сатылады. Бүгін жеке компьютерлер нарығының кішіреюіне байланысты Kingston ойын перифериясына қарай ағымдалып, келешекте ойыншыларға арнап сапалы атрибуттар шығарады.

Анықтама: Kingston компаниясының тарихы екі Тайваньдық инженер  Джон Ту мен Девид Санның мәліметті сақтауға арналған инновациялық құралды ойлап шығарған кезінен басталады.  Бұдан әрі аталған инженерлер жеке компанияларын құрды. Қазір бұл компанияда әлем бойынша 4 200 қызметкер жұмыс жасап, әрқайсысы өзін үлкен отбасының мүшесіндей сезінеді. Kingston бірінші болып өнімнің алдын ала және өндірілгеннен кейін тестіленуін енгізді. Бұл брендтке өнім сапасының сенімділігін қамтамасыз етті. Kingston Technology inc. –жартылай өткізгіштер саласындағы озық үлгілерді әзірлеумен айналысатын, электронды құралдар бойынша біріккен инженерлік кеңес (JEDEC) мүшесі. REACH (Европалық Одақтағы химиялық заттектерді қолдану туралы заңнамалар тізімі) ережелерін ұстанады, қайта өңдеп шығару бағдарламаларын қолданады. Kingston – АҚШ-тың ең үздік жұмыс берушісі (Fortune), корпоративтік IQ-і ең жоғарғы деңгейдегі (Андервуд рейтингісі, New York Times), ең үздік технологиялық компания (Business Week).                                                                                                     

 

 Еңлік АҚЖІГІТ