Салыққа рақымшылық: Жеке тұлғалар 2 млрд теңгеге жуық айыппұл мен өсімақыдан құтылды
2019 ж. 03 желтоқсан
1877
2
Салықтық рақымшылықтың арқасында жеке тұлғалар 2 млрд теңгеге жуық айыппұлдар мен өсімақылардан құтылды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Салық және кедендік әкімшілендіру» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл шағын және орта бизнеске және жеке тұлғаларға негізгі қарызды төлеген жағдайда есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жолымен салықтық рақымшылық жүргізілуде. 1 қарашадағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің 46 пайыз борышкерлері рақымшылықты пайдаланып, 13 млрд теңге салық төледі. Олардың 4,4 млрд теңге айыппұлдары мен өсімақылары жойылды, - деді Қаржы министрі.
Оның дерегінше, жеке тұлғалардың 30 пайыздан астам борышкерлері 10 млрд теңге сомасына негізгі қарызын өтеді. Олардың 2 млрд теңгеге жуық айыппұлдары мен өсімақылары есептен шығарылды.
«Бұл жалпы берешекті 5 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді«, - деді