Мәжілісте бірнеше бюджеттік заң жобалардың таныстырылымы өтті
2019 ж. 13 қыркүйек
1863
0
Мәжілісте бірнеше бюджеттік заң жобалардың таныстырылымы өтті. Атап айтсақ, олар: «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақсан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдіндірілген трансферт туралы», «Республикалық және облысты бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы транферттердің көлемі» туралы.
Аталған заң жобалары бойынша арнайы құзырлы орган өкілдері баяндама жасады.
Атап өткендей, үш жылдық бюджетті қамтыған заң жобасы осы уақыттар ішіндегі елімізді әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген.
Онда мемлекеттің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық дамы жоспарында белгіленген салық – бюджет саясатының негізгі міндеттері, сондай-ақ, әлеуметтік бағытты сақтап және күшейте отырып, Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылға басым бағыттарды жүзеге асыру көзделеді.
Ал, Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес, республикалық бюджетке кепілдендіріліген транферт алдағы екі жылға 2 700 млрд теңге көлемінде 2022- жылы 2600 млрд.теңгеге дейін төмендете отырып айқындалды.
Келесі заң жобасы өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және шығыстар бағыттарына сәйкес мемлекет кепілдік берген қызметтерді ұсыну үшін тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
Таныстырылым барысында Мәжіліс депутаттары мемлекеттің бас қаржы құжатының елімізді дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру жолындағы салмағын ескере отырып, бірқатар сұрақтарды көтерді. Әсіресе, әлеуметтік сала жүктемелерінің орындалуына айрықша назар аударылды.
Таныстырылымға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдерімен қатар, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.
Заң жобалары одан әрі Омархан Өксікбаев басқаратын жұмыс топтарында талқыланатын болады.