Президент: Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді
2019 ж. 08 тамыз
5161
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«2 тамыздағы Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді. Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет, деп жазды Мемлекет басшысы.