Қазақстандық үш банк біріктіріледі
2019 ж. 05 маусым
3593
0
31 мамырда қазақстандық AsiaCredit Bank, Capital Bank Kazakhstan және Tengri Bank банктерінің акционерлері үш қаржы институтын біріктіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri Bank-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарламада аталған шешімнің жоғарыда аталған банктердің акционерлерінің жалпы жиналысының барысында қабылданғаны айтылған.
Кездесу барысында қаржы институттарының өкілдері AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan-ды Tengri Bank-ке қосу арқылық қайта құруды мақұлдады.
«Біріктірілген банктегі үш банктің ағымдағы акционерлерінің акцияларын айырбастау және қатысу үлестерінің коэффициенттерін бекіту үш банктің таза активтерінің құнын бағалау нәтижесі бойынша халықаралық қаржы кеңесшілерінің қорытынды нәтижелері бойынша 2019 жылдың шілде айында жоспарланып отыр», - делінеді хабарламада.