Смайылов сыртқы қарыздың неге көбейгенін түсіндірді
2019 ж. 22 мамыр
4326
0
Бюджеттің тапшылығы мен теңгенің құлдырауы сыртқы қарызымызды арттырып жіберді. Былтыр шетелге мемлекеттік берешегіміз 1 триллион 883 миллиард теңгеге көбейген, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Қаржы министрлігі қазіргі шетелге берешегіміздің 15 триллион 387 миллиард теңгені құрағанын хабарлады.
Оған Үкімет пен Ұлттық банктің және жергілікті әкімдіктердің қарыздары кіреді. Дегенмен Қаржы министрі қорқатын ештеңе жоқ дейді. Өйткені мемлекеттік қарыз Ішкі жалпы өнімге шаққанда 60 пайызға дейін рұқсат етілген.
Ал қазіргі көрсеткіш 26 пайызға жуық. Бірақ нақты қай елге берешек екеніміз айтылмады. Жалпы сыртқы қарызымыз, яғни, жекеменшік банктерді қоса алғанда 57 миллиард 700 миллион долларды құрап отыр. Ол 5 жарым миллиард долларға азайған.
Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:
- Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемі бекітілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 2017 жылдың көрсеткішінен 5,1 миллиард долларға азайып, 19,7 миллиард долларды құрады.