ЭКСКЛЮЗИВ: Атышулы «Zakova» түнгі клубының басшысы халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)
2017 ж. 27 желтоқсан
3769
2
"Қазақ үні" ұлттық порталының поштасына Алматыдағы атышулы «Zakova» түнгі клубының атқарушы директоры атынан хат келіп түсті. Аталмыш хатта ол болған оқиға үшін халықтан кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай әрекеттер ешқашан қайталанбайды деп айтты. Хаттың толық мәтінін ұсынамыз.
Мен, «Zakova» барының директоры міндетін атқарушы Қазақстан қоғамында наразылық тудырған өркениеттік мәдениеттен, рухани құндылықтардан жұрдай, тәрбиеге сыймайтын әрекеттердің барда орын алуына байланысты елдің және Қазақстан халқының алдында кешірім сұраймын.
Аталған жағдай бойынша өз тарапымнан барлық жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы уақыттта жағымсыз әрекеттердің қайталанбауы үшін тиісті шаралар қабылданды.
[caption id="attachment_79514" align="aligncenter" width="640"] Атышулы оқиға видеосынан скриншот[/caption]Атап айтқанда, сол күнгі іс-шараны ұйымдастыруға жауапты болған топ пен жүргізуші «МС Кука», барлық пиар менеджерлер толықтай жұмыстан босатылды. Сонымен қатар, мекемеміздің жауапты қызметкері Айжан Байзаковамен тәрбиеге сыймайтын іс-әрекеттердің орын алуына жол бермеу туралы түсіндіру жүмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, мекемеміз заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасында тіркелген).
Бұдан әрі біздің мекемемізде жағымсыз әрекеттердің қайталанбайтындығы туралы ресми түрде мәлімдейміз және қаламыздағы көңіл көтеру орындарын біздің қателігімізді қайталамауға шақырамыз.
Қазақстан халқынан тағы да кешірім сұраймыз. Біз азаматтардың рухани құндылықтары мен көңілдеріне нұқсан келтіруді қаламадық.
[video width="640" height="352" mp4="http://www.qazaquni.kz/wp-content/uploads/2017/12/2017122708474127.mp4"][/video]