Халықпен дөрекі сөйлескен Төреғалидің басы дауға қалды (ВИДЕО)
2017 ж. 23 желтоқсан
13208
58
Әлеуметтік желілерде танымал әнші Төреғали Төрәлінің қылығы кеңінен талқыланып жатыр. Видеода әншінің концертке келген бір адаммен сөзге келіп қалғанын анық байқауға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Төреғали Төрәлінің өзі аталған видеоға қатысты ресми жауап берген жоқ. Оны өкілдері де пікір білдіруден бас тартып отыр. Әнші өзінің Инстаграмм желісінде "ӨТІРІК" деп жазылған бір фотоны ғана салды.
"Халық неге отыр осынша сөз естіп? Барлығы шығып кетпей ме? "Пожалуйста, есік ашық, мен ешкімді ұстамаймын" деп отыр ғой. Халық шығып кетсе көретін едік қалай ән айтанынын. Администраторлардан билеттің ақшасын талап етулері керек еді, егер шын осылай айтқан болса", - деді Амирова деген қолданушы.
Халықтың пікірлеріне қарағанда, концертте үлкен кісілердің біреуі Төреғали Төрәліге "фотоға түсе бермей, әніңді айтпайсың ба" деген сыңайда ескерту жасады. Оны мына видеодан анық байқауға болады.