Атамбаев өзіне қастандықты кімдер ұйымдастырғанын ашық айтты
2020 ж. 12 қазан
1829
0
Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаев өзінің өміріне қастандық жасалатынын білгенін, оны кім ұйымдастырғанына дейін айтты. Бұл туралы ол өзінің кеңесшісі Құндыз Жолдубаева жариялаған видео-хабарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
- Менің өміріме қастандық жасауға дайындалып жатқандары туралы ақпаратты кеше естіп алғанмын. Оларға ҰҚК-нің кейбір басшылары көмектесіп отыр. Баяғы сол Райым мен Сөкештің адамдары. Қауіпсіздік кеңесінің басшысының өзі оған құқық құрылымдары ештеңе істей алмайтынын айтқан. Олардың барлығы бір мафия ғой. Бүгін билікті қалыпына келтіргісі келіп жатқан адам да сол Матраимовтың миллиондарына қол салған. Барлығы бір. Олар Атамбаевты өлтірсек, барлығы жан-жаққа бытырап қашады деп ойлайды. Олай болмайды. Мен халқыммен бірге боламын.., - дейді видеода ол.