Қазыбек Иса: Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдамаған біздің мемлекет қана (видео)
2019 ж. 01 қазан
6188
7
Ата заңдағы 7-баптың 2-тармағын алып тастауымыз керек!
Бұл туралы белгілі ақын, Ұлттық Кеңес мүшесі Қазыбек Иса "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында мәлімдеді.
- Ата заңымыз бар. Сол Ата заңнан бастауымыз керек. Ата заңдағы 7-баптың 1-ші тармағында қазақ тілі Мемлекеттік тіл деп бекітілген. Ал, 7-баптың 2-тармағында орыс тілі қазақ тілімен қатар ресми тіл ретінде қатар қолданылады деп жазылған. Біз орыс тілі туралы бапты алып тастауымыз керек. Оны алып тастамай басқа заңдардың ешқайсысы да дамымайды. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауымыз керек. Тәуелсіз елдердің ішінде біздің мемлекет қана мемлекеттік тіл туралы заң қабылдамаған. Ал, 1989-жылғы заңға келейік. 89-шы жылы біз тәуелсіз бе едік? Кеңес империясы құрамындағы ел болатынбыз. Сол кезде орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп қабылданған болатын, - деді "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса пікірталас барысында.
Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық Кеңестің алғашқы отырысында қоғам қайраткері Қазыбек Иса Мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп, орыс тілін ресми тіл статусынан айыратын уақыттың жеткенін айтқан болатын.
qazaquni.kz