Әйгілі қытайлық миллиардер Джек Ма Абайдың өлеңін жатқа оқыды (видео)
2019 ж. 03 қыркүйек
1082
1
Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны – Абайдың өлеңін қытайша оқыды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, Джек Ма Қазақстан Республикасының Қытайдағы eлшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқыды.
«Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге абайдың өлеңін оқып беремін», - деді қытайлық миллиардер.
Соңында Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.
Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны әлемдегі өзге де танымал тұлғалар қолдап, ақынның шығармаларының насихатталуына өз үлестерін қосты. Бұған дейін әйгілі «Такси» фильмінің бас кейіпкері Сами Насеридің ұлы ойшылдың өлеңін оқығанын жазған едік.