Арыс тұрғыны Whatsapp-та "Луна" бомбасы туралы жалған ақпарат таратқан
2019 ж. 12 шілде
4534
0
Арыс тұрғыны қаладан "шығарылмақшы" болған "Луна" бомбасы жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс Арыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мен Арыс қаласының тұрғыны, Жақсылықова Роза Оспанхановна, 12-15 шілде аралығында Whatsapp желісі арқылы қаладан "Луна" бомбасы шығарылмақшы болып жатқандығы туралы жалған ақпарат тараттым. Мен бұл хабарламаны сурет қылып "Арыс қаласы" деген топқа жібердім. Жалған хабарлама таратқаным үшін кешірім сұраймын", - деді ол.