ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ТЕАТР
2018 ж. 22 маусым
2830
0
Алатаудың баурайындағы, көркі көз тартатын«Алатау» дәстүрлі өнер театры қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттайтын бірден-бір орда. Дәстүрлі ән, жыр, терме, күйге арналған шығармашылық кештермен қатар,театрландырылған қойылымдарсахналанатынАлатау театрында өтетін әрбір іс-шара өзінше ерекшеленеді.
2018 жылы «Әз Наурыз Алатау алабында», «Береке басы бірлікте», «Жеңіс туын желбіретіп жеткен күн» аттымерекелік концерттер дәстүрліөнеріміздіпаш етсе, «Асан мен Үсен» ертегісінің желісі бойынша театрландырылған «Балдаурен» атты ертеңгілікұрпақ санасына рухани құндылықтарды сіңіру мақсатында сахналанды. Осындай іс-шаралардыңөтуіне бірден-бір ұйытқыболып отырған ұлттық өнердің жанашыры, Театр директоры Берік Мырзалыұлы Жүсіпов.
Театрлардың өзге ұжымнан ерекшелігі, мұндағыөнерпаздар шығармашылықтарыншыңдау мақсатында халық алдында жеке есеп беруконцерттерін өткізіп тұрады. Оның мысалы Асылай Апенова «Аққу», Жасұлан Сақаев «Алатау алабында Жасұлан Сақаев» және«Үшқоңыр» триосының «Үшқоңырға кел!»атты концерттер.Біз «Үшқоңырғакел!» концертіне тоқталып өткенді жөн көрдік.
Әуел баста Қаскелең қаласындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-күй ансамблінің әншілері Нариман Абдрахманов, Айсәуле Қайырғазина және Ерғали Ағайдаров кейін Алатауға ауысты. Бұлар Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлектері, бірнеше байқаудың жеңімпаздары. Атап айтқанда, «Күміс көмей, жезтаңдай» атты Республикалық конкурстың лауреаттары және Тұңғыш Президент күніне арналған «Елім деп соққан жүрегі» VI облыстық патриоттық әндер байқауының I-ші орын иегерлері. Әншілердің өнер белестерін бағындырудағы талпыныстарына Еркін Шүкіман мен Айгүл Қосанова сияқты ұстаздардың үлесі мол.Олар шәкірт бойындағы өнерді көріп, бұлақтың көзін ашты. Трио аз ғана уақыт ішіндеәнқоржындарын толықтырып, шығармашылықтарын шыңдай түсті.
Аталмыш концерт Астананың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Сахна шымылдығы «Үшқоңырдың» басына жиналғанжастардың ойын-сауығымен ашылып, топ мүшелері Біржан салдың «Сырғақты», Ақан серінің «Құлагер», Мұхит Мералыұлының «Мұхит сал», Ғарифолла Құрманғалиевтың «Асыл жан», Естай Беркімбайұлының «Құсни-Қорлан», Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әндерін кезектесе шырқады. Домбыраның шанағынан төгілген әуен, сол заманның сал-серілерінің өмір тарихынан сыр шерткендей болды.
Трионың орындауындағы халық әндері «Құрбым-ай», «Жекен жар», «Ағажан порым», Асхат Сүйіндіктің «Ауылым», Иса Байзақовтың «Желдірме»,Халық Ризабектің «Сен қазақсың», топтың бойтұмарына айналған Бағлан Омаровтың «Үшқоңырға кел», Махаббат Бигелдиевтің «Жан аға» әндерінің жоғары деңгейде орындалуы әншілердің есеп беру кешіне тыңғылықты дайындалғанын аңғартты. Концертте «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің сүйемелдеуінде дәстүрлі әнші, сахнадағы әріптестері Алма Аманжоловамен бірге Есенқұл Жақыпбековтың «Ардағым» әнін қосыла шырқады. Сонымен қатар, концертте Қазақстанның халық артисі, әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев Серік Тұрсынбектің сөзіне жазылған «Менің дағы бір аққуым бар шығар», Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазиев Ақан серінің әні «Шәмші Қамарды» орындап, өнердегі ізбасарларына батасын берді.
«Үшқоңыр» – дәстүрлі әндердің қаймағын бұзбай, нақышына келтіріп орындаумен қатар, заманауи әндерді де қатар алып жүрген топ.
Концерт қызып жатқан сәтте топ мүшесі Айсәуле Қайырғазинаны сөзге тарттық. Ол «...бұл тек халық алдында ғана емес, өз-өзімізге есеп беру болды. Бір-бірімізге үйлесімді топ ретінде де, жеке әнші ретінде де әншілік өнерімізді халыққа танытсақ деген оймен осы кешті өткізудеміз. Әншілерге осындай мүмкіндік берген Театр басшылығына алғысымыз шексіз. Бізге қолдау көрсеткен барша азаматтарға, сахнадағы әріптестерімізге рақмет. Бұндай кеш өткізу көп еңбекті талап етеді.Концертті жоспарлағаннан бастап күн тәртібіміз тығыз болып, үшеуіміз үш жақтан қызу жұмыс үстінде жүрдік.Ораза айына тура келгендіктен, ауызашардан кейін студияға барып әндерімізді жаздық. Шығармашылық процесс қызықта, қиын болды. Біз үшеу болғандықтан бір-бірімізді толықтырып тұрамыз. Дәстүрлі өнерді сіңіріп өскендіктен, таңдаған жолымыз, мамандығымыз дәстүрлі өнер болғандықтан барынша осы жолда еңбек етіп, кенжелеп қалған өнердің дамуына үлес қоссақ деген ниеттеміз. Алдағы жоспарымыз туралы айтар болсақ, Театр басшылығының қолға алып отырған бірнеше спектакльдерінеат салыссақ дейміз. Ол жерде біздің актерлік қырымыз көрінеді деген ойдамыз, – деп сөзін аяқтады .
Кешті қорытындылаған Театр директоры Берік Мырзалыұлы: «Үшқоңыр» Қарасай аудандық мәдениет үйінің жанынан түлеп шыққан топ, бүгін олардың тұсауы екінші рет Театрда, осы киелі сахнада кесілді деп есептеңіздер» деп, жас театрда еңбек етіп келе жатқан әншілерге өріс тіледі.
Алдағы уақытта «Үшқоңыр» дәстүрлі өнерімізді дәріптеп,аманатөнерді келер ұрпаққажеткізеді деген үміттеміз.
Назгүл Нұрсағат
«Алатау» дәстүрлі өнер театрының Дәстүрлі өнерді дамыту және үйлестіру бөлім қызметкері
qazaquni.kz