ОҚО ақыны Қырғызстанда айтыста 1-орынға ие болды
2016 ж. 07 қыркүйек
2061
0
Көрші Қырғыз Республикасында көшпелілер ойындары өтіп жатыр. 3 қыркүйекте бастап ұйымдастырылып жатқан шара аясында ел аралық ақындар айтысы өтіп, онда еліміздің атынан қатысқан сарыағаштық айтыскер Жарқынбек Наушабеков 1-орынды иеленді.
ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойындардың негізгі мақсаты - әлемдегі көшпенді халық өркениетінің тарихи мәдени мұрасын жаңарту және сақтау болып табылады.
Жарыстар Ыстықкөл жағасындағы Шолпан Ата қаласында өтті. Ойындарға Қазақстаннан спорттың 10-нан аса түрінен спортшылар қатысты.
Ыстамбұлда төрт мемлекеттің - түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің қатысушылары (Қырғызстан, Әзербайжан, Қазақстан, Түркия) спорт ведомстволарының басшылары ойындардың регламенттерінің нақты нұсқасын бекітіп, бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қырғызстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан спорттық командалары қатысты.
Жалпы жарыстар бағдарламасына 26 ұлттық спорт түрі енгізілген.
Қазақпарат