ҰБТ тапсырушы түлектердің жанайқайы
2016 ж. 06 маусым
2001
1
Осы жан дауысымызды жеткізулеріңізді сұраймыз.
ҰБТ! Орыс тілінің жауаптары есепке алынсын! 87 балл алған бала орыс тілін алып тастағанда 65 балл жинаған болып, 95 балл жинаған бала орыс тілін алып тастаған 71 балл деп айтып, түсейін деп тұрған гранттардан қағылып жатыр! Неге балалардың жүрегін ауыртып орыс тілін есепке алмайды?! Не үшін олар уақыт пен күш жұмсады ол пән сұрақтарына ойланып, белгілеп?! Екі жыл қатарынан ҰБТ деп миын су қылып жібере жаздаған балалардың көңіліне қарап жатқан ешкім жоқ! Білім туралы заң шығарғандардың балалары, бауырлары бар ма өзі? Егер де жоқ болса онда осы заңды өздеріңізге қойғанда не істер едіңіздер? 11 жыл алған білім де, қызыл дипломды да кәдеге аспай, ақшаң болмаса түкке де аспай қалғанын көріп жүрміз, өтірік пе? Бар болғаны он алты он жеті жасар бала болсаңыз не істер едіңіз? Өмір деген қатыгез деп "жетім қозы –тасбауыр" деген қағидамен жатбауыр қылып жатырсыздар өз балаларымызды. Балалар үлкендерден «жетімдікті» емес, елдікті көрсін. Не үлгі көрсетіп отырмыз деген ой келе ме Білім беру туралы заң ойлап шығарушыларға? Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан шығады неге осыны ойланбайсыздар?! Келесі жылы ҰБТ болмайды. Бұл соңғы жыл деген жауап емес. Бұл дегеніміз екі балам бар, бір балам құрбан болса ештеңе етпес дегенмен бірдей бұл сөз! Қолдан жасап қойған азапқа салып отырсыздар балаларды. Мұны айта алмайтынын біліп жасап отырсыздар! Қай бала ойын сауатты, анық тиісті жерге жеткізе алады. Айтпайды себебі әділдікке сенбейді. Сенбейтіні ата-анасын көріп отыр. Ата-ананың өзі де қоғамның жатбауырлығын көріп өскен кешегі бала. Өзі әділетсіздік көріп өскен бала ата-ана болғанда балаға өмірдің әділетсіз екенін тірі үлгі болып жүреді.
ҰБТ. АТТЕСТАТ. Баланың көзінен тамшылаған жасты айтып отырғам жоқ, жүрегіне түскен тасты айтып отырмын. Балалардың көзінде үмітті сөндіретін, көңіл гүлін күлге айналдыратын тағы не ойлап таба аласыздар?!
Ал төмен балл жинап, екі алып қалды деп! Әлі де баланың көңілін көкпарға салады ғой! Осыдан бала безбүйрек болмай қайтсін! Қайсібірін жазайын! Көмек керек балаларға! Ұлым дейтін ел болайық. Көмек кешікпесін деп тілеймін. Себебі балаларға аттестат алғанша әлі де көмек беруге болады. Орыс тілін есепке алынсын деп өтінеміз!
Р.S.:Мың адамның сөзін жазып отырмын бір адам болып мойныма жауапкершілік алып.
Ешкімге жаза сұрамаймыз жоғарыдағылардан. Көмек сұраймыз. КӨМЕК. ҚАЗІР. БҮГІН.
Күнзипа Рахимқызы.
Жамбыл облысы. 87766693698/ 87073073305
qazaquni.kz