Әлем мойындаған Әбілсейіт дүниеден озды
2016 ж. 07 наурыз
4106
4
Бұл туралы Назерке Сұлтанбек өзінің фейзбук парақшасында жазды: "Қазақстан күресі орны толмас қазаға ұшырады. Бүгін Кеңес кезіндегі қазақ балуандарының көшбасшысы, ауыр салмақта еркін күрестен КСРО халықтары Спартакиадасының және КСРО чемпионы (1963), КСРО Кубогының иегері (1970) Әбілсейіт Айханов 78 жасқа қараған шағында көз жұмды. "Қазақтың не бір таланты балалары ауыл-аймақта толып жүрсе, біздің бейбақ бапкерлер жат жұрттың жігіттерін алып келіп күрестіреді. Дайын асқа тік қасық деген осы. Оған бір тиын терін шығарып баптамайды. Егер осыған күйініп намыстанбасам менің кім болғаным. Кейде кеудемді ашу кернегенде кілемге шығып, ана сатып әкелген жалдамалардың мойынын бұрап, қазақтың кім екенін көрсеткім келіп, шыдай алмаймын. Қарағым мен қазақтың намысы үшін жаралған адамын. Тура кетем, бетке айтам, сондықтанда көп адамға ұнамаймын. Енді қалған ғұмырымда ұнайын деп те ойламаймын", - деп өткен еді намысшыл, өр рухты ағамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай..."
КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, КСРО жүлдегері, КСРО кубогының иегері Әбілсейіт Айханов 1938 жылы 15 сәуірде дүниеге келген.
qazaquni.kz