«Қазақ үні» Зейін Әліпбекпен»: Жаңа жоба көрерменге жол тартты!

«Қазақ үні» Зейін Әліпбекпен»: Жаңа жоба көрерменге жол тартты!

«Қазақ үні» ақпарат агенттігінің ютуб арнасында жаңа жоба көрерменге жол тартты. 

«Қазақ үні» ақпарат агенттігі республикалық байқауда «Қазақстанның үздік қазақ тілді сайты» аталымы бойынша жеңімпаз атанған болатын.

Тәуелсіз Liveinternet санағының дерегі бойынша «Қазақ үні» ақпарат агенттігі Қазақстандағы үздік 30 ақпарат құралдарының қатарына енеді. 

Енді ютуб арнасында да «Қазақ үні» подкасты көрерменге жол тартты. Жоба аясында елімізге белгілі тұлғалар, билік пен зиялы қауым өкілдері, сала мамандарынан сұхбаттар алынбақ. Бағдарламаны танымал журналист Зейін Әліпбек жүргізеді. 

- «Қазақ үні» ақпарат агенттігінің ютюб-каналына сұхбат жазуды бастадық. Осы жөнінде жасалған ұсынысты қабыл алдым. Әлеуметтік желінің бір ерекшелігі — мұнда шектеу жоқ. Бұйыртса көкейтесті тақырыптарға тоқталып, айтары бар адамдарды сөйлетуге тырысамыз. Қырып-жоюды мұрат тұтпаймыз. Ең бастысы — сұхбатымызда айтылған әңгіме қоғамға ой салса — біздің олжамыз сол болмақ, - дейді Зейін Әліпбек бұл жөнінде. 

«Қазақ үні» ютуб арнасына жазылып, ұлт мүддесіне қатысты өткір сұхбаттарды жіберіп алмаңыздар.