“ТҰРАН ТҰЛҒАСЫ”

“ТҰРАН ТҰЛҒАСЫ”

Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабайұлының 130 жылдығына арналған халықаралық мүшәйра

«Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы Алаш арысы, қазақтың әйгілі ақыны Мағжан Жұмабайұлының туғанына 130 жыл толуына орай «ТҰРАН ТҰЛҒАСЫ» атты халықаралық мүшәйра жариялайды.

Мүшәйраның мақсаты 

Алаштың ақиығы, қазақ әдебиеті мен тарихында өшпес із қалдырған біртуар ақын, Тұран тұлғасы Мағжан Жұмабайұлының рухын асқақтатып, оның еліміздің мәдениеті мен руханиятына, сөз өнеріне қосқан өлшеусіз асыл қазынасын ардақтау. Алаштың азаттық айқасына қосқан үлесін, Тұран тұтастығы үшін күресін насихаттау! Сонымен қатар, қазақ бостандығы үшін күрескен Алаш арыстарының рухына тағзым ету. 

Мүшәйраға кемінде 3 өлең қабылданады.  

Оның біріншісі – Мағжан Жұмабайұлына арналған жыр;

Екіншісі - Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлерінің ерлігіне арналған өлең.

Үшіншісі - еркін тақырып.

Бас жүлде біреу – 2000 000 теңге

Бірінші орын – 1 000 000 теңге

Екінші орын екеу - 600 000 теңгеден.

Үшінші орын үшеу - 400 000 теңгеден

Арнаулы сыйлықтар бесеу - 200 000 теңгеден.

(Жүлде саны көбеюіне байланысты орындардың жүлде мөлшері азаюы мүмкін)

Шығармаларды қабылдау мерзімі үш айдың ішінде - 2023 жылдың 1 қарашасына дейін. 

Мүшәйра қорытындысы өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Авторлардың өлеңдері электронды нұсқада қабылданады. 

Шығармалар TimsNewRoman қарпі 14-кегельмен басылу керек. Бөлек бетте автордың өмірбаяны, байланыс ақпараттары (телефон, эл.пошта, мекен-жайы) көрсетілуі шарт. Сонымен қатар, үміткердің 6х9 фотосуреті қоса жіберілуі қажет. 

Шығармалар qazaquni@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. 

Мүшәйраға түскен жырларды “Тұран” баспасынан жеке кітап етіп шығару жоспарлануда.

Мүшәйраға қатысушылардың жас мөлшері шектелмейді. 

Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны:+7 702 931 89 86

Ұйымдастыру алқасы