Өскемендік белсенді полицияны қазақша сөйлетті
2021 ж. 18 маусым
2217
0
Өскемен полиция басқармасында қазақ тілі дискриминациялық жағдайы жөнінде мен ҚР бас прокуратурасы және ІІМ екі рет шағымданған соң, көрсетілген фактілерді тексеру үшін 16.06.2021 ол жаққа ІІМ қызметкері Сағиева Динара Кенжебекқызы жіберілді.
Динара ханым ШҚО Ішкі Істер Департаменті мен Өскемен полиция басқармасында керекті тексерулер жүргізіп, қызметкерлерге тілдер туралы заңнаманың талаптарын түсіндірді.
Соның нәтижесінде 17.06.2021 селекторлық кеңес тек қазақ тілінде өтіп, Өскемен полиция басқармасының жетекшісі Мула Андрей Владимирович мемтілде баяндама оқыды.
Менің ойымша бұндай жағдай осы басқарманың тарихында бірінші рет болған шығар.
Осы Мула мырзаның үлгілік баяндамасы тек бір реттік науқан болмай, қалыпты іс-шара болады деп үміттенемін.
Тағы да айтып кетейін, ҚЗ заңнамасында қазақтар орысша білу керек деген норма жоқ, керісінше, ҚР тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңының 4-бабы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылады, мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы."- дейді.
ҚР Конституциясы 7-бап 1-ші тармақ: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі».
Қазақстанда Конституцияда жазылғандай "байырғы қазақ жерiнде" этносаралық қатынас тілі тек мемлекеттік қазақ тілі болу керек!
«Қазақстан» - «қазақтардың мемлекеті» деп аударылады, өйткені қазақтар титулдық мемлекет қалыптастырушы ұлт болып табылады. Неге 75%-дан көп қазақ өз Отанында басқа азаматтармен бөтен тілде сөйлеуі керек? Сонымен, ҚЗ Конституциясының нормаларына қарама - қайшы келген заңдардың күштері жоқ екенін назарға алсақ, қазақтар Қазақстанда тек қазақ тілін біліп, тек қазақша қызмет көрсетуге құқықтары бар.
Жұлдызай Форт,
Фейсбук парақшасынан