ҚР "Тіл туралы" Заңның 6 бабына сәйкес, әрбір азаматтың өз ана тілінде ақпарат алуға құқығы бар - заңгер
2016 ж. 17 ақпан
5599
2
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы іссапары барысында қазақ тілі туралы айтқан сөздері қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушылары түрлі формада өздерінің қарсылықтарын көрсетіп жатыр.
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының талаптарына сәйкес, азаматтардың арыздары мен басқа да құжаттарға жауаптар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен мемлекеттік тілде немесе арыз берілген тілде қайтарылады. Яғни сол арызды (шағым, өтініш, хат т.б.) қараушы субъект, жауапты қай тілде дайындау керек екенін өзі анықтайды. Өйткені ол арыздарға жауап дайындау барысында тілді таңдауға құқылы, алайда міндетті емес! Осыған сәйкес нормалар «Заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабымен де бекітілген", - деді заңгер Абзал Құспан.
Заңгер сонымен қатар әрбір азаматтың өз ана тілінде ақпарат алуға құқығы бар екенін да атап өтті.
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының 4 бабына сәйкес - Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып – қазақ тілі танылады, өз кезегінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға міндетті. Сонымен бірге, аталған Заңның 6 бабына сәйкес, әрбір азаматтың өз ана тілінде ақпарат алуға құқығы бар. Сонымен бірге, сол Заңның 9 бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тіл – қазақ тілінде дайындалып, қолдануы тиіс, басқа тілдерде (соның ішінде орыс тілінде) тек қана қажеттілік болған жағдайда ғана қолданылады деп көрсетілген. Жоғарыдағылардың негізінде азаматтар мен заңды тұлғалар тарапынан түскен арыз-шағымдарға жауапты, олардың қай тілде берілгеніне қарамастан, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде қайтаруға құқылы екендігіңізді білгеніңіз жөн", - дейді заңгер.