ӘРУАҚ ТЕРБЕГЕН КИЕЛІ ІСТІ ҚОЛДАЙ БЕРЕЙІК! З.Тұрысбеков бастаған 7 азаматтың Әйтеке би мен дала даналарының кесенелерін қалай салғандары жөнінде ақиқатты айтқан кітап пен кино шықты
2012 ж. 23 мамыр
3007
0
Әрқашан әділеттіліктіі
туын көтеріп, шындықты
жақтап, шырылдап
жүретін Республикалық
«Жас қазақ үні» газетінде
енді шыққалы жатқан
«Дала даналары» атты
кітаптан белгілі мем-
лекет және қоғам
қайраткері Зауытбек
Тұрысбековтың «Ұлы
істер үндемей тындыры-
лады» атты мақаласын
үш нөмірге бергенімізді
оқырман қауым жақсы
біледі. Дәл осы аттас теле-
фильм де таяуда шығуға
даяр... Маңызы зор бұл
мақалаға редакцияға
хабарласқандар да,
газетіміздің www.
qazaquni.kz сайтына және
көшіріп басқан көптеген
сайттар мен блогтарға
пікір жазып жатқандар
да көп. Олардың бәрі
сан жылдар армандаған
Әйтеке би-Сейтқұл әулие
кесенесін салуға қаны
бар кәсіпкер азаматтар-
ды жұмылдырып, осы
істі абыройлы аяқтаған
сол кездегі Қазақстанның
Өзбекстандағы Өкілетті
және Төтенше елшісі Зау-
ытбек Қауысбекұлы мен
оның серіктеріне шы-
найы ризашылығын айта-
ды. Сонымен қатар осын-
дай қайраткерлердің
әруақ тербеген киелі
істі атқарғаны үшін,
іс басында жүрген
азаматтардың Алашқа
ортақ рухани айбыны-
мыз, алмас тілді Әйтеке
би әруағын құрметтеп,
алғыс айтудың орны-
на, кейбір кезінде Әйтеке
бидің атында қор құрып
алып, жеке басының
қорлануына күш салған,
кесенеге көк тиын
қоспағаны бүкіл елге
әшкере болған, жиналған
елдің миллиондаған
қаржысын жеп
қойғандардың жетегінде
желпілдеп кеткенін айып-
тауда... Олардың бүгінде
де «кесенені біз салдық»-
деп, беттері бүлк ет-
пей қайта бас көтеріп,
жер-жердегі кейбір
мәселенің шындығын
білмейтін басылымдарға
жарияланған
мақаларына
З.Тұрысбеков бастаған
жеті атпал азаматтың
қазығынан бастап,
аяғына дейін түгел са-
лып шыққан әйтеке
би кесенесі фотосын
емін-еркін жариялап
жатқандарына қарап,
ұлы Абайдың «Шіркінде
ес болсайшы сезед
деген»-атты жыр жолда-
ры ойыңа оралады...
Біз бүгін Әйтеке би
кесенесіне байланы-
сты шындықты алғаш
жариялағандардың
бірі, «Жас қазақ үні»
газетінің бас директоры,
ақын Қазыбек Исаның
осы «Дала даналары»
кітабына жазылған
алғысөзін жариялап
отырмыз.
«Едігеден бастасам, Ертегіге
кетермін» деп жорық жыраула-
ры айтқандай, бұл қазақта елі
үшін етігімен су кешкен ерлер аз
емес... Кешегі Күлтегін күмбірінен
тартсақ та, талай тарландардың,
батыр-билеріміз бен айбарлы
хандарымыздың аттары тарих-
тан сыр шертеді. Тұлпарларының
дүбірі дүйім дүниеге естілген да-
рабоздарымызды, бір ауыз сөзбен
елдің тағдырын шешкен алмас
қылыш билерімізді түгендеп біттік
пе? Тәуелсіздігіміздің Көк туы
көкке желбірегенде, есімізді жинап,
етегімізді жауып жатқанда, кем-
кетігімізді жамай алдық па?
Осы мәселе басты ұстанымы
болған бұл «Дала даналары» атты
кітапты оқысаңыз, көп нәрсеге көз
жеткізесіз. Себебі мұндағы ең ба-
сты мақсат – «Өлі разы болмай,
тірі байымайды» деген қағиданы
басшылыққа алған өткеннің өнегесін
бүгінгі биіктен саралау. Тарихтан
тағылым алып, бүгінгі өлшеммен
таразылау. Қазақ халқының руха-
ни ұстаздары болып табылатын
әйгілі кемеңгерлеріміз Әйтеке мен
Төле билердің кесенесін салып,
жаңғырту, қазақ тарихында ерек-
ше орны бар Бөкей ханның басын
тұрғызу –екінің бірінің маңдайына
жазыла бермейтін бақыт.
«Дала даналары» деп, аты да та-
уып қойылған бұл кітаптың бета-
шары белгілі мемлекет және қоғам
қайраткері Зауытбек Тұрысбековтың
« Ұлы істер үндемей тындырыла-
ды» атты жазбасы болып табылады.
Мұнда негізгі тақырып Зауытбек
Қауысбекұлының Өзбекстандағы
Қазақстанның Төтенше және
өкілетті елшісі болып жүргенде
өзінің басшылығымен Әйтеке би
кешенінің қалай салынғаны және
осы киелі істі бітірген иманды
жеті азамат пен кесенеге қол ұшын
берген игі жандардың еңбектері
ардақталады. Алашқа ұран болған
көптеген ерлеріміздің есімдері
көркем толғауға арқау болады.
Заукеңнің толғаныстарын
оқып отырып, талай ойға батасың.
Қайраткер азаматтың қайда жүрсе
де, қай мемлекетте елші болса да,
алдына қойған мақсаттарының
бірі сол елде қалған дала данала-
рына тағзым етіп, бастарына ке-
сене тұрғызуы - елшінің елдік
қасиеттерді танытар тағылымды
істері екеніне көз жеткізеді. Осы
екі елде де елдік ынтымақтың,
кешегі туыстықтың белгісіндей
болып жатқан даналарымыздың
кесенелерін көтеру-олардың
қасиетті есімдері арқылы ғасырлар
бойы жалғасып келе жатқан
ынтымақты достыққа қызмет еткізу
басты мақсаты болған Зауытбек
Тұрысбековтың қайраткерлігі тура-
лы белгілі тележурналист Назгүл
Әбутұрапованың «Мәңгілік достық»
атты телефильмінде де жақсы айты-
лады. «Дала даналары» атты шығып
жатқан бұл фильмнің жалғасында
да Әйтеке би кесенесі туралы бар
шындық баяндалады.
Кешегі елі үшін ерен еңбек етіп,
қазағының жарқын болашағы үшін
ғұмыр кешкен ерлерімізді ұлықтай
білу - ұлағат тұтар іс.
Бұны бүгінде Алаштың сөзін
ұстап жүрген атпал қайраткер,
елордамыз Астана қаласының
әкімі Иманғали Тасмағамбетов
те Әйтеке би кесенесі салынуы-
на арнап, Зауытбек Тұрысбековке
жіберілген құттықтауында жақсы
атап керсетеді. «Өлі риза болмай,
тірі байымайды» деген нақыл бар
халқымызда. Қасиетті бабалардың
жатқан жерлерін кие тұтып, ба-
сына белгі орнату – кейінгі ұрпақ
үшін киелі парыз. Бұл ретте, осы
бір сауапты істің күрделі күрмеуін
шеше білген Сіздің іскерлігіңізге
дән ризамыз. Өзге елдің аумағында
баһадүр бабаларға арнап кесене
тұрғызып, мешіт салу – бұл Сіздің
биік беделіңіздің, ұлттық намысты
ұлықтай білген нар тұлғаңыздың
арқасы» - дейді руханиятымыздың
рухы биік қамқоршысы Иманғали
Нұрғалиұлы.
Сонымен қатар кесене салу
барысында кездескен кейбір
пендешілік кедергілер мен біткен
іске ие болғысы келгендердің
келеңсіз әрекеттері де жасырын
қалмайды. Әйтеке би кесенесі
төңірегінде өзгелердің еңбегін
пайдаланып, елді адастырып
жүргендерді әшкерелеп, олардың
имандылыққа жат пиғылдарына
алғаш нүкте қойған кәсіпкер,
«Сейтқұл әулие-Әйтеке би»
кесенесін салушылардың бірі,
Әйтеке бидің ұрпағы Қаражан
Сердалиевтің де «Ай мен күн
айқайламай шығады» жазбала-
ры да мазмұнға бай маңызды және
нақтылы дәлелдер арқылы бедерлеп
отырады.
Оның кезінде «Жас қазақ
үні» газетіне шыққан Әйтеке
бидің кесенесіне кесірін тигізіп
жүргендер жайлы сұқбаты елде
үлкен резонанс туғызғаны белгілі.
Иә, иманды қайраткерлер иман-
ды да, игі іспен құттықтап жат-
са, киелі іске нұр көрсетудің ор-
нына... қыр көрсетіп, «қытықтап»
жатқандар да кездесіп қалады
бұл өмірде... Қаншама жыл арман
болған қасиетті шараның біткеніне
бүкіл ел қуанып, сауапты іске са-
уын айтып жатқанда, Әйтеке бидің
әруағын саудалап жүргендердің
пиғылдары не екеніне таңғаласың...
Олар және көркем кесенеге көк
тиын қоспаған, көлденең көк атты-
лар болса, тіпті наразылығың ар-
тады. Бұндай қарекет қайда апара-
ды? Өзгелерге –күлкі, өзімізге түрпі
бұндай келеңсіздік елдігімізге-
сын, ерлігімізге-мін емес пе?
«Адамның өмірі – өзгенікі, өлімі
ғана - өзінікі»-деген әулие бидің
сөзінің парқына барғандар парасат-
сыз іс істер ме еді? «Батыр болсаң,
жауға найзаң тисін, бай болсаң, елге
пайдаң тисін» -деген дана бабаның
даналығын ұқпағандар, оның аты-
мен елден миллиондар жинап
алып, ең болмаса, бабаның өз ба-
сына, кесенесіне тиын қоспай, тый-
ым көрмей жүре береміз деп ой-
лай ма екен сонда... Ия, тыйым
қайдан болсын, келеңсіздікке жол
бермеуі тиіс бір топ зиялымыздың
өзі Әйтеке бидің кесенесіне арнайы
келіп тұрып, жарты жолдан жалт
бұрылып, Ташкенттен кері қайтып
кеткенін көргенде әруақ алдындағы
киелі парыз шенеуніктер алдындағы
жүйелі «қарыздан» төмен болғаны
ма деп ойланасың... Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей
тапсырмасымен бітіп отырған
игілікті іске осылай киліксе, онда
басқа кезде не болмақ дейсің?!.
Кескекті ерімізге кесене салып,
әруақ алдындағы елдік парызды
орындаудың қасиеттілігін Әйтеке
би кесенесінің ашылуы күні қырық
градустан асқан қырық күндік
шілденің шілдің миын қайнатар
ыстығында Нұратада нұр жауып,
жаңбыр себелеуін айтсақ та бола-
ды. Мұны әруақтардың тірілерге,
артындағы ұрпақтарына айтқан
разылығы деп түсінді ел.
Кітапта қазақ тарихындағы
орындары бөлек тұлғалар Төле
би, Жалаңтөс бахадүр, Салқам
Жәңгір, Бөкей хан, Сейіт баба,
Ораз қажылар туралы толғаныстар
бар. Қазақ қайраткері, суретшісі,
Әйтеке би бабасының басын алғаш
көтерген Сердалы Бекшориннің
тағлымды істері туралы Әмірхан
Меңдекенің толғамды дүниесі
де оқырманды тартатын дүние.
Ал Әйтеке би кесенесін салушы
қазақтың атпал азаматтары, белгілі
кәсіпкерлер Шахарбек Усманов, Ра-
хат Байзақов, Қаражан және Бер-
нард Сердалиевтер, Есенғали Бай-
менов, Ибадулла Қалыбеков, Ал-
тынсары Үмбетәлиевтер есімі ерек-
ше аталады.
Қорыта айтқанда, қолымызға
маңызы зор мазмұнды, тағлымды
да, тартымды кітап тиді. Оқып, ой
елегінен өткізу, тұжырым жасау,
енді қадірлі оқырман қауымның
еншісінде.
Әруақ тербеген киелі істерді
әлеумет болып, қолдай берейік,
ағайын!
Қазыбек ИСА,
ақын, «Жас қазақ үні» газеті Бас
директоры, Халықаралық Алаш
сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның Мәдениет қайраткері.