«Біздің ауланың чемпиондары» әлеуметтік жобасы қолға алынды
2019 ж. 11 наурыз
4467
1
Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен айтулы қалада «Біздің ауланың чемпиондары» әлеуметтік жобасы қолға алынды.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – балалар, жас жеткіншектер және жастарды салауатты өмір салтына ынталандырып, оларды спортқа көптеп тарту. Жаттығулар өз аулаларында, арнайы дайындықтан өткен нұсқаушы мамандардың жетекшілігімен өтеді. Бұл жаттығуларға 6-17 жас аралығындағы ұл-қыздар тегін қатыса алады.
«Жастар жылына» орай қолға алынған осы жоба аясында жаттығулар мына мекенжайларда өтеді: Өмірзақ кенті,2-ықшамауданы – 58, 59 үйлер, 4-ықшамауданы – 2 үй, 7-ықшамауданы – 27 үй, 11-ықшамауданы – 36, 11-12 үйлер,12-ықшамауданы – 48-49, 42-47 үйлер, 13-ықшамауданы – 19, 36 үйлер 19-ықшамауданы – 4 үй, 16-ықшамауданы – Тыныштық, 22-ықшамауданы – 29 үй, 26-ықшамауданы – 22 үй 27-ықшамауданы – 57, 25, 46, 64 үйлер, 31А-ықшамауданы – 23 үй, 32А-ықшамауданы – 20 үй, 32-ықшамауданы – 4 үй, 33-ықшамауданы – 22 үй, 34-ықшамауданы – 6 үй.
qazaquni.kz