Қайрат Боранбаев УЕФА Атқарушы комитетінің мүшелігіне ұсынылды
2018 ж. 12 желтоқсан
9810
1
УЕФА Атқарушы комитетінің мүшелігіне кандидаттардың тізімі белгілі болды. Комитеттің сегіз мүшесі Римде өтетін 43-конгресс аясында сайланады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Басқа үміткер болмағандықтан, ұйымның Атқарушы комитетіне франциялық Флоранс Ардуэн қайта сайланады. Ереже бойынша, бір орынға міндетті түрде әйел сайлануы тиіс. Қалған жеті орынға 10 адам таласады. Соның бірі - «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.
Сайлау 7 ақпан күні Римдегі УЕФА Конгресінің аясында өтеді. Атқарушы комитеттің мүшелері төрт жылдық мерзімге сайланады.