Мұхамедиұлы Азиада-2018 жарысында Қазақстан құрамасының нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты
2018 ж. 06 қыркүйек
2656
0
Джакартада өткен Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең нашар нәтиже көрсетті. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Азиада-2018 нәтижесіне көңілі толмайтынын жасырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ашық айтқанда, біз үшін бұл төбемізден суық су құйып жібергендей әсер қалдырды, себебі біз өткен жылмен салыстырғанда алтын медальдар санын еселейміз деп жоспарладық. Мұнда ешқандай құпия жоқ. Бокс, байдаркамен есу және каноэ, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер құрамасына сендік. Өзіміз күткен нәтижені көре алмағанда, есеңгіреп қалдық", - деді министр.
Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін жоспарлар мен біздің спорттағы әлсіз тұстарымызды атап өту үшін сөз сөйлеуге шыққанын айтып өтті.
"ХОК-тың атқарушы комитетінде осы күнге дейін біздің өкіліміз болған емес. Біз бұған назар аудармаппыз, басында отырғандар бағытты өзгертуге тырысады. Бұл біздің ағаттық - біз Азия ойындарында тізімге қосуды сұрамадық", - деді ол.
Индонезияда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 76 медаль иеленіп, тоғызыншы орынға жайғасқан болатын. Спортшылар велоспортта, жеңіл атлетикада, көркем гимнастика, самбо, джиу-джитсу, дзюдо, семсерлесу, карате және су полосы бойынша жақсы өнер көрсетті. Ал келесі Азия ойындары 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Айта кетейік, Азиада және басқада жарыс түрлерінен сыйақы төлеу 2014 жылы 19 желтоқсанда ҚР үкіметінің үкіміне сай реттеледі. Алтын медаль үшін - 10 мың АҚШ доллары, күміс - бес мың, ал қола - үш мың доллар.