Қазақстандық спортшы Александра Опачанова академиялық есу бойынша Азия ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді. Атап өтсек, биылғы ойындар Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан қола саны бойынша Азияданың жүлделер көшбасшысын қуып жетті
2018 ж. 23 тамыз
2227
0
Vesti.kz мәліметінше, Очапанова жекелей жарыста өнер көрсетті. Финалда қазақстандық спортшы қыз 8:19.32 уақытымен үшінші болып келді. Бұл жарыста бірінші болып қытайлық Юнкси Чен (8:08.21), ал екінші болып тайбэйлік Итинг Хуанг (8:16.14) келді.
Бұл медаль - Қазақстанның Азия ойындарындағы 22-ші жүлдесі. Жалпы Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, алты күміс және 15 қола медаль бар.
Қола жүлделер саны бойынша Қазақстан жүлделік есеп көшбасшысы Қытай командасымен теңесті. Қытай спортшыларының есебінде 46 алтын, 32 күміс және 15 қола медаль бар.