Еліміздің жас футболшылары Португалияда топ жарды
2018 ж. 11 шілде
5532
0
Еуропарламенттің шешімі бойынша, 2018 жылғы Еуропаның спорт қаласы ретінде Португалияның Брага қаласы таңдалған еді. "Арландар" футбол клубы осы Брага қаласының кубогы үшін болған турнирге қатысып келді. Турнир 1-7 шілде аралығында болды. 13 жасқа дейінгі балалар арасындағы турнирге 32 команда қатысты. "Арландар" осы командалар ішінен 5-орынға ие болды.
Жеребе бойынша жергілікті атақты клуб Брагалонамен бір топқа түскен жас футболшыларымыз 0:1 ұтылды. Алайда 5-орын үшін болған ойында Брагалонамен қайта кездесіп 2:2 тең түсіп, пенальтиден 2:3 жеңіске жетті.
Жалпы турнир барысында "Арландар" іріктеу кезеңінде барлық үш ойынды жеңіп, топтық кезеңде 2 жеңіс 1 жеңіліспен топтан 2-орынмен шықты. Осылайша 1/8, 1/4 финалға дейін сүрінбей жетті.
Жетістік:
1. Өткен жылы алғаш Португалияға барғанда Қазақстанды ешкім білмейтін еді десек артық емес. Біз туралы Португалияның бұқаралық ақпарат құралдары көп жазғандықтан, қазір көшеде кетіп бара жатсақ, балалар бізге қарап хормен «Қазақстан» деп айғайлайтын болды. Стадиондарда жанкүйерлер көбейді. Біз Қазақстанда емес Португалияда танымалмыз десек артық айтқандық емес.
2. Арландар клубының ойыншысы Ахметов Алижан Брагалона футбол академиясына оқуға қабылданды.
3. Брагалона мен Арландар футбол клубтары Португалия-Қазақстан футбол ассоциациясын құруға келісті.
Турнирдан тыс:
1. Футболдан әлем чемпионатындағы Португалия-Уругвай ойынына Арландар толық құрамымен фан-зонада қолдау білдірді. Жеңілістен кейін Португалия жанкүйерлеріне қолдау сөздерін айтып, көшелерін араладық. Бұл енді сөзбен жеткізе алмайтын әсерлер қалдырды. Бүкіл Португалия халқы еңсесін көтергендей болды.
2. Брага стадионында турнирдің жабылу салтанатында "Қара жорға" билеп бердік. (Біздің құттықтауымыздан кейін Криштиану Роналду телефон арқылы тікелей құттықтау сөзін айтты).
Фазылбек Әбсаттарұлы, "Арландар" футбол клубының президенті