Алматыда болған атысқа қатысты боксшы Жанқош Тұраров түсініктеме берді
2018 ж. 08 маусым
8946
0
Белгілі боксшы Жанқош Тұраров жазым бола жаздады. Спортшыға қару кезенген оқыс оқиға осыдан 10 шақты күн бұрын Алматы қаласында болған, - деп хабарлайды ktk.kz.
Құдды бір кинодағы текетіреске ұқсайтын бейнежазбада әуелі екі топтың жанжалдасқан сәті байқалады. Кенеттен сақалды біреу былғары қолғап шеберіне тапанша кезеніп, сөзге келмей оқ жаудырады. Іле-шала екі ортада төбелес басталады. Шетін оқиғаны ешқандай көрініс емес, жігіттердің арасындағы келіспеушілік екенін атақты спортшының өзі де растап отыр.
«Абырой болғанда жарақаттанған ешкім жоқ, бәрі бейбіт жолмен шешілді» дейді боксшы.
Кейбір дерек көздерінің мәліметінше, 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қару ұстаған екеуі қамауға алынған. Осы оқиғаға орай біздің тілшілерімізге түсініктеме берген Алматы қалалық ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.