Astana Pro Team шабандоздары «Challenge Сенің жаңа қырың!» бастамасын қолдады
2018 ж. 28 мамыр
3171
0
«Astana Pro Team» кәсіби велоқұрмасының спортшылары барлық қазақстандықтарды республикалық «Challenge Сенің жаңа қырың!» спорттық акциясы аясында салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
- Қайырлы күн, достар! Қазақстандықтар, мен Елбасының «Challenge Өзгеше сен!» атты спорттық бастамасын қолдаймын, - деді Astana Pro Team Бас менеджері. - Бізге қосылыңыздар! Мен - олимпиада чемпионы Александр Винокуров сіздерге тосын сый әзірледім.
Винокуровтан өзге "Astana Pro Team" шабандоздары Андрей Зейц пен Алексей Лысенко де спорттық акцияны қолдап, денсаулықты сақтауға шақырды.
Еске сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың "Challenge Сенің жаңа қырың!" спорттық бастамасын "Астана" Президенттік кәсіби спорт клубының өзге де танымал спортшылары қолдаған болатын. Осыған дейін олимпиада чемпионы, "Astana Arlans" бокс клубының бас менеджері Бахтияр Артаев пен "Астана" баскетбол клубының бас менеджері Валерий Тихоненко да шараға қатысты өз үндеулерін жасаған болатын.