Бокстан Олимпиада чемпионы, "Астана арланс" бокс клубының бас менеджері Бахтияр Артаев Елбасының "Ghallenge Өзгеше сен!" атты бастамасын қолдауға шақырды.
Бұл туралы
"Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Бокс клубы дайындаған арнайы бейне жазбада танымал спортшы халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
- "Астана" Президентік клубының мүшесі "Астана Арланс" бокс клубы Елбасының "Ghallenge Өзгеше сен!" акциясын қабыл алып, ары қарай барша қазақстандықтарға жолдайды. "Жаны саудың тәні сау" демекші әрқашан спортты таңдайық, әрқашан бірге болайық! - деді Артаев.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдап, «Challenge Өзгеше сен!» республикалық спорттық бастамаға қолдау көрсеткен болатын.
Бұл бастаманың мақсаты – біздің ел тұрғындары арасында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция аясында отандық спорт, мәдениет және масс-медианың танымал өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланған. Олар өз үлгілері арқылы қазақстандықтарды дене жаттығуы және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады.