Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің өтпейтіні ресми хабарланды
2018 ж. 04 сәуір
2331
2
5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл туралы Алварестің промоутерлік компаниясы ұйымдастырған баспасөз жиыны кезінде ресми түрде хабарланды.
Бұл туралы vesti.kz жазды.
Мексикалық боксшы жекпе-жекке шығудан бас тартты. Енді ол допингтен ақталып шығып, тамыз немесе қыркүйек айында жекпе-жек өткізгісі келеді. Генамен екінші рет сол кезде жұдырықтасуға ниетті. Ал “Golden Boy” промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес те өз өкінішін білдірді.
“5 мамырға жоспарланған екінші кездесуден бас тарттық. 18 сәуір күні комиссия тыңдалымы өтіп, ресми шешім шығады. Өкінішке қарай, одан кейін 5 мамырға дейін жекпе-жекті кең көлемде жарнамалауға уақыт аз”, – деді Альварес.
Наурыз айының басында Конело Альварестің допинг сынамасынан кленбутерол табылды. Бұл препарат адамға бұлшықет көлемін өсіруге және майды жоюға көмектеседі. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың салмақ қосуы үшін де пайдаланылады екен.
Канело бұл препарат қанына ет арқылы түскенін айтты. Боксшы, болмаса оның дәрігер мамандары (диетолог) еттің зақымдалғанын білмеген.
Геннадий Головкин 5 мамыр күні жекпе-жек өткізгісі келеді. Ал GGG-мен жұдырықтасқысы келетін боксшылардың қатары мол. Атап айтар болсақ, америкалық Джермалл Чарло мен Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, мексикалық Хильберто Рамирес пен Хулио Сезар Чавес (кішісі) бар.