«АСТАНА» ЖАС ФУТБОЛШЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
2017 ж. 30 қараша
3467
0
Соңғы жылдар жанкүйерлерін жақсы ойынымен қуантып келе жатқан елордалық «Астана» футбол клубы 21 жастағы жартылай қорғаушы Юрий Перцухпен келісімшарт жасап, өз қатарын нығайта түсті.
Юрий Перцух өткен маусымда «Ақжайық» сапында Премьер-лигада алғаш рет өнер көрсетіп, жылдың ең үздік жас ойыншыларының бірі болды. Ол оралдық клуб сапында 24 кездесуге қатысып, екі гол соғып және бес рет сары қағаз алған. Ересектер арасында Перцух алғаш рет 2013 жылы ЦСКА сапына іліккен кезде ауысты. Бұл команданың сапында жартылай қорғаушы ретінде 2015 жылға дейін өнер көрсетті. 2014 жылы ол елордалық «Бәйтерек» командасына ауысқан болатын. Ал, 2016 жылы «Қызыл Жар СК» қатарында ойнады. Қазақстан жастар құрамасында ол 5 кездесу өткізді.
qazaquni.kz