АРАЙЛЫМ БЕГДІЛДӘ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
2017 ж. 30 қараша
4176
0
Үндістанның Гувахати қаласында өткен қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионатында қазақ қызы Арайлым Бегділдә жеңіс тұғырына көтеріліп, әлем чемпионы атанды.
Арайлым финалда Ресейден келген тәжірибелі спортшы Анатасия Рыбакты тізе бүктірді. Ресей чемпионы атағына ие Рыбак алғашқы минуттарды қазақ қызынан басым түсіп, жиі шабуылдаумен болды. Бар күшін шешуші кезеңге сақтаған Арайлым ойынның соңына таман қарсыласына жойқын соққылар жұмсап, таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алды. Жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының атынан он боксшы қыз шаршы алаңға шықты. Ширек финалға сегізі шықса, жартылай финалда бесеуі бақ сынады. Жансая Балтабекова (60 келі) мен Жансая Әбдіраимова (51 келі) жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, қола жүлдегер атанса, Дина Исламбекова (81 келі), Жазира Орақбаева (48 келі) күмістен алқа тақты. Жалпы алғанда қазақ қыздарының бұл көрсеткішін спрот сүйер қауым жоғары бағалауда.
qazaquni.kz