Қазақстандық бапкер шетелде өткен жарысқа "РЕСЕЙ" деген жазуы бар киім киіп барған (ФОТО)
2017 ж. 30 қараша
3868
10
Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев Англия құрамасымен ойынға өз командасын "Russia" деген жазуы бар қалпақ киіп алып шықты.
Сол қалпақты ол еліміздің әнұраны орындалып жатқанда да шешпеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің кеше Колчестерде (Англия) өткен бір ойыны еді. Онда біздің қыздар ағылшын бикештерінен 0:5 есебімен ұтылып қалды. Бұл - қазақстандықтардың осы кезеңдегі төртінші жеңілісі.