Қазақстан Барысын үш рет ұтқан Бейбіт Ыстыбаев 10 жасар баладан жеңіліп қалды
2017 ж. 29 қазан
4984
1
Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев 10 жасар көрермен баламен белдесті. Жекпе-жекте Ыстыбаев қарсыласынан «жеңіліп қалды», – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионаты барысында көрермендер де назардан тыс қалмай, олардың арасында қызықты ойындар ұйымдастырылды. Ойындардың бірінде үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаевпен айқасқа түсу шарты қойылды. «Қазақстан барысын» жыққан көрерменге 50 мың теңге сыйлық берілуі керек еді.
Аталған ойында Ыстыбаевпен бетпе-бет келуге ересектердің батылы жетпеді. Бірақ көрермендер ішінен 10 жасар астаналық бала бозкілемге жүгіріп шығып, «Қазақстан барысымен» белдесуге дайын екенін айтып, батылдығын көрсетті.
Баланың қайсарлығына тәнті болған Бейбіт оны мойнына көтеріп, жолын берді. Нәтижесінде 10 жасар бала жеңімпаз атанып, 50 мың теңгені еншіледі.