Талғат Жайлауов «Барысқа» қайта оралды
2017 ж. 24 тамыз
2967
0
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Талғат Жайлауов Астанаға оралды.
Талғат Жайлауов «Торпедомен» келісімшартты бұзды, ол спорттық мансабын елордалық «Барыста» жалғастыратын болады. Өткен маусымда Жайлауов Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 29 матчында ойнап, 14 шайба соқты және 9 рет ассистент ретінде шықты. 21-інші плей-офф ойынында Талғат 8 ұпай жинады (4 рет шайба соғу және шайбаның соғылуына алып келген 4 рет пас беру).
Спорттық ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт негізінде «Торпедо» құрамын орталық шабуылшы, өскемендік хоккей клубының тәрбиеленушісі Дмитрий Гренц (1996 жылғы) толықтырады.
Айта кетейік, Талғат Жайлауов та мансабын Өскемен хоккейінде бастаған.
qazaquni.kz