Дереккөз мәліметінше, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Олимпиада ойындарында жиі допинг қолданған 9 құраманы әлем чемпионатынан шеттеткен екен. Олардың қатарында қазақстандықтар да бар. Сонымен қатар, Ресей, Белорусь, Қытай, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдава елдері де аталған жарысқа бара алмайды. Бұл командалардың әрбірі кемі үш реттен допинг дауына іліккен.
Еске салайық, Пекин мен Лондон олимпиадаларында алтын медаль алған ауыратлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Маяй Манеза, Зульяфия Чиншанлоны Халықаралық ауыр атлетика фелерациясы жүлделерінен айырып, бірнеше жылға спорттан шеттеткен боладтын.