Ольга Рыпакова Цюрихте "Гауһар лига" жеңімпазы атанды
2017 ж. 25 тамыз
1908
0
Үш аттап секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Цюрихтегі "Гауһар лигада" жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Рыпакова төртінші мүмкіндігінде үздік нәтиже көрсетті - 14,55 метр. Екінші орынды Венесуэла атлеті Юлимар Рохаз алды - 14, 52 метр. Үшінші орында Колумбия өкілі - Катерина Ибаргуэн (14,48).
Еске салайық, Лондонда жеңіл атлетикадан тамыз айында өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді. Қазақстандық сол кезде 14,77 метрге секіріп, маусымдағы үздік көрсеткішке қол жеткізген болатын.