Қазақ күресін олимпиадалық күрес деңгейіне жеткізу керек
2017 ж. 01 тамыз
2848
0
Қазақ күресі-ұлттық құндылығымыз! Осы жолда еңбек етіп жүрген азаматтарға Алла разы болсын!
Қазақ күресін дамытамын,əлемдік деңгейге көтеремін деген адамға əлі де жұмыс жетерлік! Осы күнге дейін істелген жұмыс-осы жолдың бастамасы ғана!
Сондықтан,осы салада істеп жүрген адамдарға шектеу қоймай,кедергі жасамай,қайта қолдау көрсету керек. Елімізде бір емес,бірнеше федерация жұмыс істесін! Ол əуесқой бола ма, кəсіпқой бола ма, маңызды емес, маңыздысы қазақ күресін көтеру.
Əлемдік тəжірибеге сүйену керек. Бокста бірнеше əлемдік федерация жұмыс істеп, өз тарапынан бокстың дамуына үлес қосып жатыр.
16 жыл бойы орасан зор еңбек етіп жатқан Дүниежүзілік Қазақ Күресі Федерациясына жан-жақты көмек көрсетіп, жетпей жатқан жағын жеткізіп, заңға сəйкестендіріп, жетілдіру керек.
Біріккен Күрес Əлемінің құрамына кіру оңай шаруа емес. Құрамында олимпиадалық күрес түрлері: еркін күрес, грек-рим күресі, əйелдер күресі бар, бұл өте беделді ұйым!
Қазақ күресін осы олимпиадалық күрес түрлерінің деңгейіне жеткізуге жұмыстану керек.
Өз-ара түсінбестік болып жатқанда, бұл ұйымнан шығарып тастаса, қайтадан кіру оңай болмайды. Қолдағы барды пайдаланып, одан əрі дамыту керек. Ол үшін біздің еліміздің барлық мүмкіндігі бар.
Республикалық Қазақ Күресі Федерациясы да өз тарапынан қазақ күресінің дамуына үлкен серпіліс берді,жаңа деңгейге көтерді.
Қазақ күресі ұлттық брендке айналды. Бұл ұйым тарапынан өткізіліп жатқан жарыстарды халық үлкен қызығушылықпен қарайды.
Екі федерация да қазақ күресін əлемге танытуда үлкен еңбек атқарып отыр.
Ендеше,мақсатымыз бір, істеп жатқанымыз бір жұмыс,осы мақсатқа жету жолында үлкен ауызбіршілікпен,өз-ара келісіммен, барлық мүмкіншілікті пайдаланып, əділетті, таза бəсекелестік ортада жұмыс істейік.
Қуаныш Мырза,
"Қос Аққу" Əлия-Мəншүк атындағы спорттық-патриоттық клубының төрағасы,
Қазақстан Республикасының Халықаралық дəрежедегі спорт шебері,
Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері.
http://www.qazaquni.kz/2017/07/31/72774.html