Головкин үлкен спорттан нақты қашан кететіні туралы айтты
2017 ж. 25 маусым
2457
0
Еске салайық, 35 жастағы Геннадий Головкин мексикалық 26 жастағы Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізгеннен соң мансап жолын аяқтауы мүмкін екенін айтқан болатын.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) спорттық мансабын аяқтауға ненің себеп болуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, 35 жастағы Геннадий Головкин мексикалық 26 жастағы Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өткізгеннен соң мансап жолын аяқтауы мүмкін екенін айтқан болатын.
"Канеломен" өткен жекпе-жектен кейін спорттық мансабымыды аяқтаймын ба? Бәрі де мүмкін. Бұл негізінде менің жарыма қойылуы керек сұрақ. Кей кездері ол менен былай деп сұрайды: "Эй, G, бәлкім бұл сенің соңғы жекпе-жегің?", себебі менімен көбірек уақыт өткізгісі келеді. Бірақ мен одан неге олай деп сұраймын және былай деп жауап беремін: "Бұл менің ісім!". Әрине, менің жарымменімен көбірек уақыт өткізгісі келеді. Бірақ сіздер түсінесіздер ғой, ол әйел ғой", - деді Головкин TMZ Sports басылымына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, Головкиннен америкалық Флойд Мейвезер мен аралас жекпе-жек чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың кездесуі, оның мексикалықпен шығуына әсер ете ме деп сұраған. "Еш әсер етпейді. Мен өз жекпе-жегіме дайындалып жатырмын, себебі ол шынайы, нағыз жекпе-жек. Ал олардың шарасы маған қызық емес", - деді қазақстандық боксшы.
35 жастағы орта салмақтағы боксшы кәсіпқой бокста 11 жылдан аса (2006 жылдан бері) уақыт өткізіп, бірде-бір рет жеңіліс таппаған еді. 2007 жылы 7 шілдеде отау құрған. Оның жары Алинада Қарағандыдан. Оның екі жоғарғы білімі бар, алайда ол мансабын отбасына айырбастаған. 2009 жылы Головкиннің Вадим есімді ұлы дүниеге келген, ол есім боксшының қайтыс юолған ағасының атымен қойылған. Бала хоккеймен айналысады.
Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.
Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.