Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды
2017 ж. 03 мамыр
1482
0
Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері болып Григорий Егоров тағайындалды. Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Григорий Егоров 1988 жылғы Сеул Олимпиадасында сырықпен секіруден қола жүлдегер атанған. Штугартта (1993 ж) өткен әлем чемпионатының және жабық кешендегі әлем чемпионатының (1989, 1993 жж), Еуропа чемпионатының (1990 ж) күміс жүлдегері. Азия ойындарының жеңімпазы (2002 ж), Азия чемпионы (2003 ж). Сырықпен секіруден Азия рекордсмені (5.90 м).
ҚР ЖАФ жұмысының басты бағыттарының бірі еліміздің барлық өңірлерінде шынымен де қызмет атқаратын облыстық федерациялары бар заманауи спорттық федерация құру болып табылады.
Атап өту керек, ағымдағы жылы спортшылардың күнтізбесінде мынадай ірі жарыстар бар:
* жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты (20-23 наурыз, Бангкок (Таиланд);
* XXVII Ғұсман Қосанов атындағы мемориал (24-25 маусым, Алматы);
* ересектер арасында Азия чемпионаты (6-9 шілде, Бхубанешвар (Үндістан);
* жастар арасында әлем чемпионаты (12-16 шілде, Найроби (Кения);
* ересектер арасында әлем чемпионаты (4-13 тамыз, Лондон);
* Бүкіләлемдік Универсиада (20-25 тамыз, Тайбэй)
* Жабық ғимараттағы Азия ойындары (17-27 қыркүйек, Ашхабад (Түрікменстан).