Жансая Әбдімәлікке ерлер арасындағы халықаралық шебер атағы берілді
2017 ж. 01 сәуір
2405
1
Жансая Әбдімәлік Орта Азияда және Қазақстандағы ерлер арасында ең жас шебер атағын жеңіп алды. Оған бұл атақты мерзімінен бұрын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Таяуда ФИДЕ президенттік кеңесі кезінде Жансая Әбдімәлікке International Master (ерлер арасында халықаралық мастер) атағын беру туралы шешімі шықты.
Жансая өзінің 17 жасында Қазақстан тарихында бірінші рет ерлер арасында мастер атағын жеңген қыз болып саналады. Бұдан тек ерлер арасында гроссмейстер атағы жоғары. Осы атаққа қол жеткізу үшін Жансая үш ірі жарыстарда кем дегенде үш халықаралық шебермен ойнап, қажетті ұпайды жинауы керек болған.
Жансая Әбдімәлік 2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген, он төрт жасында гроссмейстер атанған. 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орын көрсетті (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия).
Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған. Қазіргі уақытта ТOP-100 Women March рейтингісінде 39 орында тұр. ФИДЕ рейтингінде ол - 2442 орында тұр.