Қазақстан қоржынына Универсиаданың тағы екі алтыны түсті
2017 ж. 03 ақпан
1793
0
Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд Қазақстанға Универсиаданың сегізінші алтын медалін алып берді деп хабарлайды Vesti.kz.
Параллельді могул сайысының финалында Юлия ресейлік Елизавета Безгодовамен сынға түсіп, 17:8 есебімен жеңіске жетті.
Бұл Универсиада ойындары барысында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жетінші, ал Юлия Галышеваның жеңіп алған екінші алтын жүлдесі. Бірінші алтын жүлдесін спортшымыз 2 ақпан күні могул сайысында жеңіп алған еді.
Ал, Дмитрий ресейлік Сергей Шимбуевты озып шықты. Бұл сында бағын сынаған екінші отандасымыз Павел Колмаков қола жүлдегер атанды.
Рейхердтің алтыны Қазақстан құрамасы үшін сегізінші, спортшының өзі үшін Универсиадада үшін екінші алтыны болды.