Қазақстандық ауыр атлет Бейжің олимпиадасының жеңімпазы атанды
2017 ж. 13 қаңтар
3056
1
Олимпиаданың алтын медалі қазақстандық спортшы Алла Важенинаға тапсырылатын болды, — деп хабарлайды Қазақпарат.
Халықаралық Олимпиада комитеті сегіз ауыр атлетті 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада алтынынан айырды.
Олардың арасында қазақстандық Алла Важенинадан басым түскен қытайлық Цао Лэй де бар. Важенина 75 келіге дейінгі санатта Бейжің ойындарының күміс жүлдегері атанған еді, «алтын» қытайлық Цао Лэйге, ал «қола» ресейлік Надежда Евстюхинаға бұйырған.
ХОК сайтында хабарланғандай, Цао Лэйдің нәтижесі күшін жояды, себебі оның допинг-сынамасынан бой өсіретін гормон арттырғыш заттар табылған.
Тамыз айында ХОК қытайлық ауыр атлеттің допинг-сынамасынан тыйым салынған заттар табылғанын мәлімдеген еді.
Осылайша, «алтын» Бейжің Олимпиадасында екінші орын алған қазақстандық ауыр атлет Алла Важенинаға бұйыратын болды.