Ұлттық құраманы 22 жыл басқарған Алексей Ни отставкаға кетті
2016 ж. 26 қараша
2490
0
Алексей Ни Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Айта кетерлігі, Алексей Қазақстан құрамасын 1994 жылдан бері басқарып келген. Оның басшылығымен ұлттық құрама алты Олимпиадаға қатысып, бірталай әлем чемпионаттары мен Азия чемпионаттарына атсалысқан.
Еске салсақ, бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедованың жүлделерін жоққа шығарған болатын.
Сонымен қатар, Мария Грабовецкая мен Ирина Некрасова да жүлделерінен айырылды.