Чиншанло, Подобедова және Манеза ресми түрде Олимпиада медалінен айырылды
2016 ж. 27 қазан
2446
0
Халықаралық Олимпиада комитеті үш бірдей қазақстандық ауыр атлетті 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын жүлделерінен айырды. Бұл туралы BAQ.kz комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Лондон Олимпиадасында топ жарған Мая Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедова жүлделерінен айырылды.
Енді жақын арада үш спортшы да алтын медалін Халықаралық Олимпиада комитетіне қайтарып беруі тиіс.
Айта кетейік, кеше 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Таймураз Тигиевтің қайта тапсырған сынамасынан допинг табылған еді.